Павлодарлықтар медициналық сақтандыру қорына 50 млрд теңгеден астам қаржы аударды

640

Алайда 140 мың тұрғын әлі күнге дейін жүйеге тіркелмеген. 

Павлодарлықтар медициналық сақтандыру қорына 50 млрд теңгеден астам қаржы аударды

Биыл Павлодар облысында медициналық тұрғыдан сақтандырылмаған тұрғындардың саны өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымов ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде сақтандыру жарнасын төлеуі тиіс тұрғындардың 18,5%-ы, яғни 140 мыңнан астамы тұрақты түрде аударым жасамайды. Бұл бұл көрсеткіш 16,3% болған еді. Сондай-ақ, 402 мың тұрғын үшін сқатандыру ақысын мемлекеттің өзі төлейді.

"2017 жылдан бастап павлодарлықтар МӘМС қорында 50 млрд теңгеден астам ақша аударды. Өткен жылы 17 мыңға жуық қаржы түсті. Ал бұл уақыт аралығында өңір тұрғындарының ем-домына қордан 27 млрд теңге жұмсалды", - дейді Нұрлан Қасымов.

Осы жылдың алғашқы бес айында да шығымның көлемі түсімнен асып түсті. Сандармен "сөйлер" болсақ, жыл басынан бері өңір азаматтары қорға 10,4 млрд теңге төлеп, 24 млрд теңгенің қызметін алды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу