Былтыр өңірде 59,9 мың автокөлік онлайн режимде қайта тіркеуден өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы хабарлады.
"Облыстағы автокөлік иелері 2024 жылы "әдемі" нөмірлер сатып алуға 394 млн 664 мың теңге жұмсаған. Көлік иелері өздерінің көлік құралдарын eGov.kz порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы қайта тіркей алады. Былтыр 59,9 мың автокөлік онлайн режимде қайта тіркеуден өткен", - деді Асылбек Сапарбекұлы.
Аталған мезгілде жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 1,1 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Азаматтар көбіне электрондық цифрлық қолтаңба, жеке куәліктер мен төлқұжат, жүргізуші куәлігін алуға жүгінеді.