Павлодар қаласының тұрғындары Хим қалашықтағы "Бейбітшілік" аялдамасында жол ақысы жоқ жандар үшін жәшік орнатты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Вконтакте әлеуметтік желісіндегі "Это Павлодар, Детка!" қауымдастығында Даниял Санатов есімді азамат екі сурет жариялаған.
Айтуынша, "Бейбітшілік" аялдамасында түсірілген. Жәшіктің сыртында "Ақшаң жетпесе ал, артық болса қалдырып кет. Мейрімділік үшін! №35 мектеп 7А сыныбы" деген жазу жазылған екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу