Павлодарлықтардың коммуналшыларға қарызы 500 миллион теңгеден асып кетті

989

Павлодарлықтардың коммуналшыларға қарызы 500 миллион теңгеден асып кетті

1 қыркүйекке қарай сот арқылы коммуналшыларға 38 миллион теңге қайтарылуға тиіс, сотқа 382 азаматтық іс тапсырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясындағы баспананы күрделі жөндеуден өткізу көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары, жертөлелері мен подъездерін жөндеуді қамтыды. Қазіргі кезде 66 үйдің жөндеуі аяқталды.

"Горкомхоз баспананы модернизациялау" ЖШС заңгері Светлана Тайлақованың айтуынша, бас мердігер "Горкомхоз" КМК, мердігерлер мен ПИК арасындағы үшжақты келісімшарт аясында күрделі жөндеу бойынша барлық міндеттерін орындап шыққан.

"Бүгінде тоғыз миллион шамасында қарыз төленген, - дейді Светлана Тайлақова. – 66 үй бойынша атқарылған жұмыстар мен тұрғын үйді қабылдаудың актілеріне қол қойылды, яғни, жөндеу уақытылы, әрі сапалы орындалды. Алты нысанда жұмыстар аяқталмаған. Олардың екеуі алдағы үш айда, қалған төртеуі – келесі жылы тәмамдалмақ. Жөндеу бойынша шамамен 700 адамның жалпы қарызы - 512 миллион теңге".

Коммуналшылар тұрғындарды келісімшарттағы міндеттерді орындап, қарызды өтеуді талап етеді. Болмаса, қалалықтар қарызды сот шешімі арқылы төлеуге мәжбүр болады. Апта сайын "ГБМ" ЖШС қарыздарды төлету бойынша сотқа 30 азаматтық іс жолдайды. Бұл жұмыс Павлодар әкімінің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу