Павлодарлықтардың салықтық берешегі жарты миллиард теңгеден асып кетті

1 сәуірден кейін бұл сома көбейіп кетуі мүмкін. 

Павлодарлықтардың салықтық берешегі жарты миллиард теңгеден асып кетті Фото: Inbusiness.kz

Елімізде көлік құралдарының иелері әр техникасы үшін жыл сайын мемлекетке міндетті төлем жасауы тиіс екені белгілі. Алайда темір тұлпарлардың кейбір иелері аударым жасауға асығар емес, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Азаматтар 1 сәуірге дейін 2023 жыл үшін көлік салығын төлеуі тиіс. Алайды былтырғы түгілі 2022 жылдың салығын өтемегендер әлі де бар. Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, бүгінде 9 мың тұрғын төлемді жасаудан жалтарып жүр.

"Өңір бойынша 9 мың павлодарлықтың 650 млн теңге көлемінде көлік салығы бойынша қарызы бар. Сонымен қатар, қазір 2023 жылғы көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомалары бойынша Puch-хабарламалар Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға жіберілді. Олар сол мобильді қосымша арқылы бірден төлем жасай алады", - деп хабарлайды сала мамандары.

 Тұрғындар көлікті пайдаланғаны үшін 1 сәуірге дейін тиісті төлем жасамаса, әр күн үшін өсімпұл есептелетінін ескеру керек.

Жалпы, ресми дерек бойынша, Павлодар облысында 130 мыңнан астам тұрғынның атында барлығы 190 мыңға жуық көлік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу