PayPal компаниясы ресейліктерге шоттардан ақшаларын шығарып алуды сұрады

1276

Ресейдің Украинамен қақтығысы жағдайында PayPal төлем қызметі "алдағы уақытта қызмет көрсетудің орын алуы мүмкін үзілістерін азайту" міндеттемесін атап өтті. 

PayPal компаниясы ресейліктерге шоттардан ақшаларын шығарып алуды сұрады

Төлем қызметіне иелік ететін PayPal ресейлік қолданушыларды 2022 жылдың 18 наурызына дейін шоттарынан балансты алуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап. Ресейлік тұтынушылардан "қызмет көрсетудің одан әрі ықтимал үзілістерін азайту үшін" осындай шешім қабылдауды сұрайды", – делінген компанияның веб-сайтында 12 наурызда сенбіде жарияланған мәлімдемесінде.

5 наурыздан бастап PayPal ресейлік пайдаланушыларға қызмет көрсетуді тоқтатты, Украинадағы қақтығыс жағдайында Ресейдегі қызметін тоқтатқан басқа қаржылық және технологиялық фирмаларға қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу