PayPal төлем қызметінің басшысы Apple-нің басынан бақ тайғанын мәлімдеді

945

PayPal төлем қызметінің басшысы Apple-нің басынан бақ тайғанын мәлімдеді

PayPal төлем қызметінің негізін салушысы Питер Тиль Apple-нің дәурені аяқталды деп мәлімдеді. Ол мұндай пікірді америкалық корпорацияға қатысты  The New York Times басылымының сауалына жауап берген кезінде айтты, деп жазады РБК.

"Смартфонның не екенін, оның мүмкіндігін бәріміз де білеміз.  Бұл жерде Тим Куктың (Apple-нің бас директоры – ред.ескертпесі) еш кінәсі жоқ. Бар мәселе сол, бұл салада бұдан артық қандай да бір инновация ойлап табу мүмкін емес", – деді Тиль.

Өткен жыл Apple үшін табысты бола қойған жоқ.  Корпорация  13 жылда алғашқы тоқсандық құлдырау болғанын мәлімдеді. 2016 жылдың  26 наурызында аяқталған қаржылық тоқсанда Apple-нің табысы 13%-ға, 50,6 млрд долларға дейін төмендеп кетті.  Аталған кезеңдегі таза пайда  10,5 млрд долларды (2015 жылы  13,6 млрд доллар болған) ғана құрады.  Apple-нің қаржы директоры Лука Маэстри  бетке ұстар модельдерге қарағанда ескі нұсқадағы арзан iPhone-ға сұраныстың артуынан көрсеткіштер төмендеп кеткенін тілге тиек еткен болатын, деп жазады Financial Times.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу