Педагог көлде батып бара жатқан баланы құтқарып, өз өмірін қиды

505

Астана әкімі Александр Руденконың отбасына көңіл айтты.  

Педагог көлде батып бара жатқан баланы құтқарып, өз өмірін қиды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өзге біреуді құтқарамын деп өз өмірін қиған Александр Руденконың отбасына барып, көңіл айтқанын мәлім етті.

"Щучье көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалу үшін өз өмірін қиған педагог Руденко Александр Ивановичтің отбасында болдым. Мемлекет басшысының атынан оның отбасына ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс еттім.

Александр Ивановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Александр Иванович ұлағатты ұстаз, өз ісінің білікті маманы еді, елордадағы №32 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Ол – біздің қаһарманымыз, оның сын сәттегі батылдығы мен жанқиярлық ерлігі мәңгілік есімізде сақталады", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу