"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын іске асыруға 390 млрд теңге бөлінеді

2409

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, білім және ғылым жүйесін дамытуға жалпы алдағы 3 жылға бюджеттен 3,7 трлн теңге қарастырылған.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын іске асыруға 390 млрд теңге бөлінеді

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасынның бірінші кезеңін іске асыруға 390 млрд теңге бөлінеді. Яғни, үкімет 2020 жылға осындай қаржы шығындауды жоспарлап отыр.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, білім және ғылым жүйесін дамытуға жалпы алдағы 3 жылға бюджеттен 3,7 трлн теңге қарастырылған. Оның 858,5 млрд теңгесі 2020 жылдың үлесінде тұр. Қаржының басым бөлігі үш ауысымдық мектептердің санын азайту мен мұғалімдер жалақысын өсіруге жұмсалуға тиіс.

Бүгін сенатқа министрлер кабинетінің құрамы 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті таныстыруға келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу