Ал "Педагог мәртебесі" туралы заң қабылданған соң мұғалімдердің құқығын бұзу айтарлықтай азайып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай статистикалық деректі Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров мәлім етті.
Бұзушылықтардың басым бөлігі заң қабылданған алғашқы жылдары ғана тіркелген. Мысалы, 2020-2022 жылдары 111 бұзушылық дерегі ресми түрде болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 38-ге дейін кеміді.
– Бұл – "Педагог мәртебесі туралы" заң талаптарының нақты іске асырылып жатқанын көрсетеді. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында комитет және оның аумақтық департаменттері прокуратура органдарымен бірлесе отырып нақты фактілерге жедел әрекет ететін болады, – дейді Серік Әшіров.
Мұғалімдерді кәсіби міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту, ар-намысына тию, концерт билеттерін сатып алуға немесе түрлі іс-шараға қатысуға мәжбүрлеу – педагогтердің құқығын бұзушылыққа қатысты жиі кездесетін жағдайлар.
Сонымен қатар, педагогке құрметсіздік таныту, әлеуметтік желілер мен масс-медиа арқылы ар-намысына нұқсан келтіру деректері бойынша оқушылардың ата-аналарына қатысты 12 әкімшілік іс қозғалған.