Педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастыруда жүйе жоқ – Дана Нұржігіт

758

Сенаттың жалпы отырысында депутат Дана Нұржігіт коронавирус пандемиясы кезінде оқушылардың психологиялық жағдайына ерекше назар аудару керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастыруда жүйе жоқ – Дана Нұржігіт

Оның пікірінше, аталған мәселеде кәсіби педагог-психологтардың қолдауынсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Алайда салада шешімін таппаған мәселелер бар.

"Мектептердегі психологтардың жұмысын ұйымдастыру деңгейі және оның сапасы әр өңірде әртүрлі. Бір сөзбен айтқанда, жүйе жоқ. Сондай-ақ білім беру жүйесіндегі психологтардың мәртебесін, орнын, психологиялық қызмет жұмысының әдісін, тапсырмаларын, міндеттерін, мақсаттарын анықтауда да бірізділік жоқ. Өйткені "Білім туралы" заңға сәйкес бұл жұмыс жергілікті органдарға жүктелген",– деді сенатор.

Сондай-ақ Дана Нұржігіт мектеп психологтарының біліктілігін арттыруға тоқталды.

"Олар тиісті курстардан өту үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүр, бұл үшін бюджет ақшасы бөлінбейді", деді депутат.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу