Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық байқауы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Өңірлік кезеңге 1000-нан астам педагог қатысты.
Байқаудың мақсаты – Қазақстанның виртуалды білім беру кеңістігіндегі авторлық бейнересурстар банкін толықтыру, заманауи педагогикалық тәжірибе мен ұстаздар арасындағы озық тәжірибелерді жалпыға тарату және насихаттау.
Айта кетсек, байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы желтоқсан айында белгілі болады.