Педагогикалық жүктеме 680 сағатқа дейін азайтылды

1011

Биыл қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы 2 есеге жуық көтерілді.

Педагогикалық жүктеме 680 сағатқа дейін азайтылды

Оқытушыға – 200 мың, ғылым кандидатына – 260 мың, ғылым докторына – 350 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданды. Бұл туралы үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Білім сапасы бірінші кезекте оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан әріптестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау басты назарда. Оқу жүктемесі мен қағазбасылық педагогтердің сабаққа толыққанды дайындалуына қиындық туғызғаны белгілі. Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысанын 35%-ға қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім беруге және ғылыммен айналысуға мүмкіндік берері сөзсіз", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу