Педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі әзірленді

25141

Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі әзірленді Фото: kazbilim.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, жаңа аттестацияда педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген.

"Жалпы, аттестацияның ең басты мақсаты – мұғалімдердің жетістігін оқушылардың жетістігімен байланыстыру. Бұл –аттестацияның ең басты ерекшеліктерінің бірі. Жаңа аттестацияда бұрынғыға қарағанда оны тапсыратын барлық педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген", - деді министр.

Оның нақтылауынша, педагогтерді аттестациядан өткізетін ұлттық платформаны әзірлеуге арнайы қаржы қарастырылмаған. Дегенмен ол қазір әзірленіп жатыр.

"Өзіміздің ішкі мүмкіндіктеріміздің есебінен платформа жасалып, аяқталып қалды. Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді. Содан кейін жылдағыдай көктемде аттестация басталады", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу