Педагогтерді аттестациялаудың жаңартылған жүйесі пилоттық режимде қаңтарда басталады

458

Мамыр айында білім берудің әр деңгейі бойынша педагогтер мен сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Педагогтерді аттестациялаудың жаңартылған жүйесі пилоттық режимде қаңтарда басталады Фото: pixabay.com

Нәтижесінде әр білім деңгейі бойынша жеке лауазым санаты үшін бағалау критерийлері мен тиімділік көрсеткіштері әзірленді. Әр біліктілік санаты үшін белгіленген критерийлер сараланды.

Бұдан басқа, сабақты бақылаудың автоматтандырылған түрі әзірленді, ол нақты сабақ мысалында сынақтан өткізілді.

"Атестатталатын педагог платформадағы өзінің жеке кабинеті арқылы аттестациядан өтуге өтінімді өз бетінше бере алады, мұнда интеграциялық әдіс қолданыла отырып, мұғалімнің жеке деректері, білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы, олимпиадалар мен жобалардағы нәтижелері, біліктілікті арттыру курстары, ПББ нәтижелері және т.б. ақпараттар жинақталған. Сондай-ақ, педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Педагогтің кәсіби шеберлігі тек оқытылатын пәні бойынша және ол өз санатын модератор мен сарапшы дәрежесіне көтеруге өтініш бергенде ғана бағаланатын болады. Жоспарланған жаңа өзгерістерге сәйкес, педагогтің жоғары кәсіби деңгейі мен табысты қызметі оқушыларының жетістіктеріне тікелей байланысты болмақ", - деді орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кетейік, педагогтерді аттестациялаудың жаңартылған жүйесі 2024 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің төрт облысында: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады.

Жобаны толық іске асыру 2024 жылдың көктемінде басталады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу