Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері талқыланды

401

Ережені талқылауға орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев және "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері  қатысты. 

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері талқыланды Фото: freepik.com

Оқу-ағарту министрлігі Педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Астана қаласындағы педагогтер мен әдістемелік орталықтар қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Мұнда мұғалімдерге Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестаттаудан өтудің егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды, тест сұрақтарының мазмұны қарастырылды, педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесін тарату тәртібі түсіндірілді. Әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың әдіскерлерін аттестаттау бойынша да бөлек түсіндіру болды.

Айта кету керек, педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері келесі аптада "Ашық НҚА" порталында танысу үшін қолжетімді болады. Түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу