Педагогтерді тестілеу эпидемиологиялық ахуалға байланысты жүргізіледі

1022

Аттестациялау нәтижесіне байланысты педагогтердің жалақысына үстеме ақы қосылады.

Педагогтерді тестілеу эпидемиологиялық ахуалға байланысты жүргізіледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов карантин кезінде педагогтерді аттестациялауға қатысты пікірін білдірді.

"Санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын жеңілдеткен кезде педагогтерді аттестациялауды қайта бастауға мүмкіндік беріледі. Ал шектеу шаралары күшейтілсе, аттестациялау тоқтатылады. Бұл жұмыстың жүргізілуі елдегі эпидемиологиялық ахуалға және санитарлық дәрігерлердің шешіміне тәуелді. Бүгінгі күнге дейін педагогтердің көпшілігі аттестациялаудан өтті. Тестілеуге байланысты педагогтердің жалақысына үстеме ақша қосылатынын түсінемін. Алайда жағдай жақсармайынша тестілеуді өткізе алмаймыз. Өйткені қауіпсіздік аса маңызды", – деді БҒМ министрі журналистермен өткен онлайн конференцияда.

Нұржан Көшкін 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу