Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды

141

Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген.  

Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды Фото: НЦПК «Өрлеу»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды жоба жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бес күндік курс барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері педагогтерге қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын үйретеді. Мұғалімдер қаржылық мінез-құлық психологиясы, отбасындағы бюджет пен шығындарды жоспарлау әдістерін меңгереді. Ал ҚР Ұлттық Банкі мамандары инфляцияның жеке қаржыға ықпалы, инвестиция, цифрлық активтер, несие мен зейнетақы жүйесі, алаяқтықтың түрлерін ажырату және жеке деректерді қорғау тақырыптарында дәріс оқиды.

Осылайша, бір апта ішінде еліміздің барлық өңірінен "Жаһандық құзыреттілік" пәнін оқытатын 500-ге жуық педагог арнайы курстан өтіп, мектеп оқушыларына дәріс оқуды бастайды. Жыл соңына дейін олардың саны 6 мыңға жетіп, 2026 жылы тағы шамамен 4 мың мұғалім қамтылады.

Қаржылық сауаттылықты білім беру жүйесіне енгізу – экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама қоғамның қаржылық мәдениетін арттырып, қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтықтан қорғануды күшейтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу