Педагогтерге құрметсіздік танытқандар жауапкершілікке тартылады

172

Жаңа оқу жылының қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдерінің орынбасарларымен, қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді.

Педагогтерге құрметсіздік танытқандар жауапкершілікке тартылады Фото: wishescards.ru

Кездесуде ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңының орындалуы талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысы республикалық тамыз конференциясында мұғалімдердің құқықтарын қорғау, педагогтерге өз қызметіне сәйкес келмейтін міндеттерді жүктемеу туралы ерекше атап өтті. Жергілікті атқарушы органдарының тарапынан заң өрескел бұзылған жағдайда, прокуратура органдары араласуы тиіс. Сондай-ақ, балаларға қатысты болған қайғылы оқиғалар үшін де мұғалімдерді жазалау – орынсыз, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу