"Бәріне мұғалім кінәлі": Әлихан Смайылов педагогтердің мәселесін көтерді

429

Колледждерде 5 мыңға жуық педагог жетіспейді. 

"Бәріне мұғалім кінәлі": Әлихан Смайылов педагогтердің мәселесін көтерді Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазір колледждерімізде мұғалімдер тапшы. Шамамен 5 мың педагог жетіспейді. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітіріп шығады. Алайда олардың көбі өз кәсібі бойынша жұмыс істемейді. Мұның себептері әртүрлі. Дегенмен педагогтің беделі мен мәртебесін арттыру үшін, оның ішінде заңнамалық тұрғыдан көп жұмыс атқарылды. Мұғалімдердің жалақысын көтердік, оларды қосымша жүктемелерден, артық есеп беруден босаттық", - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар күшейтілген.

"Педагогикалық ЖОО-ларға түсу балы қаншалықты жоғары болса, ең мықты талапкерлерді іріктеу мүмкіндігі де соншалық арта түседі. Егер 5 жыл бұрын осы мамандықтарға 50 балл жинаған талапкерлер өтсе, қазір орташа балл – 111. Десек те, мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған "бәріне мұғалім кінәлі" деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Білім беру процесіндегі қиындықтардан басқа, педагогтерге түсетін психологиялық жүктеме де жоғары", - деп атап өтті Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов білім беру ұйымдарындағы болжамды сұранысты айқындап, соның негізінде педагогтерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты қайта қарауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу