Педофил түрмеде асылып қалды

875

Сәтбаевта 5 жасар бүлдіршінді қорлаған күдікті түрмеде қайтыс болды. 

Педофил түрмеде асылып қалды

Тергеу изоляторында отырған 62 жастағы күдікті камерасында асылып қалған. Күдіктіні камераларды тексеріп жүрген кезекші тауып алған. Өзіне қол жұмсаған ер адамның денесінен соққы іздері табылмаған. Бүгінде қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары бұл істің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

"6 қазанда кішкентай қыз баланы зорлады деген күдікпен ұсталған ер адамның  денесі тергеу изоляторынан табылды. Шақырған бойда келген жедел жәрдем күдіктінің қайтыс болғанын нақтылады. Әзірге суицид жасады деген болжам бар. Марқұмның денесінен жарақат іздері табылған жоқ", – деп мәлімдеді Қарағанды облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 23 шілдеде Сәтбаев қаласында 62 жастағы күдікті кішкентай қыз баланы үйіне кіргізіп қамап ұстаған. Ол бүлдіршінді зорлады деген күдікпен қолға түскен.  Оқиға орын алған түні Сәтбаев тұрғындары күдіктінің үйін қоршап алып, оны өздеріне табыс етуді талап еткен болатын.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу