Педофилдерге рақымшылық жасалмайды

701

Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін жазасын өтеп шыққан азаматтар әкімшілік қадағалауда болады. 

Педофилдерге рақымшылық жасалмайды

Осыған қатысты заңнамалық түзету кешені әзірленді.

"Жалпыұлттық жоспардың 64-ші тармағы бойынша кәмелетке толмағандарға жасалған сексуалды сипаттағы қылмыс үшін жазаны қатаңдату қарастырылды. Осы тармақ бойынша қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау бойынша заңнамалық түзету  енгізіледі", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

Құжат кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы қылмыс үшін жазаны күшейтуді, педофилдерді қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде ұстауды белгілеуді, оларға рақымшылық жасамауды және мерзімінен бұрын босатпауды көздейді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу