Педофилді ұстаған полиция қызметкері "Айбын" орденімен марапаттады

1329

Бақытжан Бәкіров полицейден қашып құтылмақ болған қылмыскердің соңынан 13 қабаттың терезесінен секірген еді.

Педофилді ұстаған полиция қызметкері "Айбын" орденімен марапаттады

Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ҚР Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталсын", – деп жазылған Жарлық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, Бақытжан Бәкіров полицейден қашып құтылмақ болған қылмыскердің соңынан 13 қабаттың терезесінен секірген еді. Екі қабаттан төмендеу жердегі алаңқайға түскен құқық қорғау органының қызметкері аяғын жарақаттап алған болатын. Соған қарамастан, ол қылмыскерді қолынан бұрап, қасындағы әріптесі келгенше жібермей ұстап отырған. Бақытжан Бәкіровтің аяғына үш рет операция жасалды. 

Ұсталған күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімді тонау және зорлау фактісі бойынша айыпталуда. Алматы қаласының полициясы оны төрт күн бойы іздестіріп келген.

Полиция қызметкері жұбайымен алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу