Педофилиямен күрес күшейеді

728

Жыныстық сипаттағы фактілерді жасырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Педофилиямен күрес күшейеді

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов елімізде балаларға қарсы жасалатын қылмыс неге азаймай тұрғанын түсіндірді. 

"Биыл балаларға қарсы жасалатын қылмыс саны 8%-ға артты. Мұның өзіндік себебі бар. Мәселен бір адамға қатысты қылмыс жасағаны үшін 60 қылмыстық іс қозғалған. Бұл қылмыс санының артуына түрткі болған. Сонымен қатар біз өткен жылы дәрігерлерге және жабық мекемелердегі, интернаттардағы жыныстық сипаттағы фактілерді жасырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгіздік", – деді ол. 

Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл да балаларға қатысты статистиканың артуына себеп болды. 

"8% өсім болды. Мұның барлығы эпизодтар. Бірақ зардап шегушілердің саны артқан жоқ. Алдағы уақытта педофилиямен күрес күшейеді", – деді Марат Ахметжанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу