Педофилизм мен экстремизмге қатысы бар шетелдіктер шекарадан өтпейді

1035

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер мен терроризмге қатысы бар тұлғалардың ел аумағына келуіне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Педофилизм мен экстремизмге қатысы бар шетелдіктер шекарадан өтпейді

Бұған халықтың көші-қоны туралы және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы негіз болуға тиіс. 

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы туралы мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Снежанна Имашева: "Заң жобасы көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауды, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмысы үшін сотталғандардың біздің елге келуі мен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына шектеу қоюды, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елімізге келуге тыйым салуды, төтенше жағдайда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеуді және басқа да түзетулерді көздейді, – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу