Пэк Кон У келе жатыр

1037

Пэк Кон У келе жатыр

Әлемге әйгілі пианиношы Пэк Кон У Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі "Астана Опера" симфониялық оркестрімен бірлесіп өнер көрсетеді. Концерт 4 қараша күні театрдың Үлкен залында өтеді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Пэк Кон У Карнеги-холл, Линкольн орталығы, Уигмор-холл, Берлин филармониясы (Алмания) және тағы басқа әлемнің үлкен залдарында өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленген.

Пианиношы АҚШ-тың Джульярд мектебінде, Ұлыбритания мен Италияда Розина Левина, Илона Кабош, Вильгельм Кемпф және Гвидо Агости сынды үздік оқытушылардан тәлім алған.

Музыкант Өнер және әдебиет орденінің (Франция), "Мәдениетке қосқан үлесі үшін" орденінің (Корея Республикасы), Больцанодағы Бузони атындағы халықаралық пианиношылар байқауының алтын медаль (марапат байқау тарихында алғаш және бір рет қана табысталды) иегері. Жас орындаушылар арасындағы Наумбург байқауының бірінші және Алтын камертон сыйлығының лауреаты.  

"Жібек жолы" фестивалі аясында қазақстандық әртістермен бір сахнада өнер көрсете алатыныма өте қуаныштымын, – дейді Пэк Кон У. 
Бұл кеште "Астана Опера" симфониялық оркестрінің орындауында
Е.Рахмадиевтің "Құдаша-думан" симфониялық күйі, С.Рахманиновтың №2 ми минор симфониясы ұсынылса, оркестрмен орындалатын Л. Бетховеннің фортепианоға арналған №3 до минор концертін музыканттар Пэк Кон Умен бірлесіп ойнайды. 

Симфониялық музыка кеші Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінің Корея мәдени орталығының қолдауымен өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу