Пелоси Тайванға барса, Қытай әскери күш қолданады

1146

Сарапшылар оның бұл қадамы АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне әкеліп соғады деген пікірде.

Пелоси Тайванға барса, Қытай әскери күш қолданады

Егер АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Тайванға барса, Қытай әскери күш қолданады. Бұл туралы ҚХР СІМ ақпарат департаменті директорының орынбасары Чжао Лицзянь мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Чжао Лицзянь Нэнси Пелосидің АҚШ үкіметінің иерархиясында үшінші тұлға екенін, сондықтан оның Тайванға ресми сапарының саяси салдары алапат болатынын айтты.

Нэнси Пелоси қазір дипломатиялық сапар аясында Оңтүстік-Шығыс Азияны аралауда. Ол аймақтағы төрт елге барады. Өкілдер палатасының спикері өз турнесін Сингапурда бастауы тиіс. Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, ол Тайванға да баруы ықтимал. Сарапшылар оның бұл қадамы АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне әкеліп соғады деген пікірде.

Қытай Тайванды (Қытай республикасы деп аталады) ҚХР-дың бір бөлігі деп санайды. Қазақстан болса, Тайванның тәуелсіздігін мойындамады және онымен дипломатиялық қарым-қатынасты орнатқан жоқ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу