Пелоси Тайванға барса, Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас бұзылады – Қытай елшісі

873

Чжан Цзюнь ресми Вашингтонды "Бір Қытай" қағидасын сақтауға шақырды.

Пелоси Тайванға барса, Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас бұзылады – Қытай елшісі

АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайванға барса, Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас бұзылады.

Бұл туралы Қытайдың БҰҰ-дағы елшісі Чжан Цзюнь мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының басталуына арналған баспасөз мәслихатында ол Пелосидің Тайванға сапары "арандатушылық" сипатқа ие деп атады.

Елшінің айтуынша, Пелосидің бұл жолғы сапары АҚШ-тың Өкілдер палатасы спикерінің 1997 жылы аралға жасаған соңғы сапарымен салыстыруға келмейді. Чжан Цзюнь ресми Вашингтонды "Бір Қытай" қағидасын сақтауға шақырды.

Бұған дейін Нэнси Пелоси 1 тамыздан кейін Тайванға баратынын мәлімдеген еді. 29 шілдеде Нэнси Пелоси бастаған АҚШ Конгресінің ресми делегациясының Азия елдеріне сапары басталады деп хабарланды. Бұл тізімде Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Сингапур бар.

Егер АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Тайванға барса, Қытай әскери күш қолданатынын 1 тамызда жариялады. ҚХР СІМ ақпарат департаменті директорының орынбасары Чжао Лицзянь Нэнси Пелосидің АҚШ үкіметінің иерархиясында үшінші тұлға екенін, сондықтан оның Тайванға ресми сапарының саяси салдары алапат болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу