Пентагон басшысы Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасына барды

114

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет және Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Ан Гю-бэк 3 қараша күні екі Кореяны бөліп тұрған демилитаризацияланған аймаққа (DMZ) барды.

Пентагон басшысы Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасына барды Фото: Yonhap

Бұл сапар – екі елдің қорғаныс басшыларының 2017 жылдан бергі алғашқы бірлескен шекаралық сапары, деп жазады inbusiness.kz сайты Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер Пханмунджомдағы Бірлескен қауіпсіздік аймағына (JSA) және БҰҰ командованиесінің Олетт бақылау бекетіне барды.

Кездесу кезінде тараптар Солтүстік Кореямен байланысты дипломатиялық үдерісті қайта жандандыру және аймақтағы қорғаныс ынтымақтастығын күшейту мәселелерін талқылады.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрі Ан Гю-бэктің айтуынша, Пит Хегсет аймақтың әскери жағдайымен танысып, екі елдің бірлескен қорғаныс әлеуетіне жоғары баға берген.

"Біздің бірлескен сапарымыз – одақтастықтың символдық көрінісі. Бұл аймақ тарих пен дипломатия түйіскен шекара", деді Ан Гю-бэк журналистерге.

Хегсет сапары кезінде Оңтүстік Кореяның солтүстігіне жақын Дэсондонг ауылындағы азаматтардың өмірімен де танысқан.

АҚШ Қорғаныс министрі Осан әскери әуебазасына қонғаннан кейін екі күндік ресми сапарын бастаған. Ертең, 4 қарашада, ол Сеулде өтетін қауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы америкалдық-корейлік кеңеске (SCM) қатысады.

Кездесу барысында тараптар:

  • соғыс жағдайындағы операциялық басқаруды (OPCON) Сеулге беру мерзімін,
  • Оңтүстік Кореяның қорғаныс шығындарын,
  • және аймақтық қауіпсіздік стратегиясын талқыламақ.

Пит Хегсет сонымен қатар Корея Президенті Ли Джэ Мёнмен кездесіп, Пхёнтхэк қаласындағы Камп Хамфрис әскери базасында америкалық әскерилермен жүздеседі.

Хегсеттың бұл сапары – Гавайи, Жапония, Малайзия және Вьетнамды қамтыған Азия турының соңғы бөлігі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу