Пентагон Еуропадағы АҚШ әскерінің санын қысқартқысы келеді – БАҚ

303

Пентагон Еуропадағы америкалық әскери контингентті 25 мың адамға азайту мүмкіндігін қарастыруда.

Пентагон Еуропадағы АҚШ әскерінің санын қысқартқысы келеді – БАҚ Фото: rg.ru

Соның ішінде 40 мыңға дейін әскери қызметшіні шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы NBC News дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады. Ықтимал қысқарту Германия, Италия және Испанияда болуы мүмкін. Қазіргі Германияда 36 мыңға жуық америкалық әскери қызметші бар.

Құрлық, әуе және әскери-теңіз күштерін азайтуды қамтитын төрт сценарий пысықталып жатыр. Кейбір бөлімшелер Еуропадан шығарылмай, НАТО-ның шығыс қанатына жақынырақ орналастырылуы мүмкін. Қорғаныс министрі Пит Хегсетке нақты ұсыныс 6 қарашада беріледі деп күтіледі. Кейін тиісті бастама АҚШ президенті Дональд Трампқа жолданбақ.  

Вашингтон Польшадағы тұрақты әскери қатысуын күшейту мәселесін қарап жатыр. Трамп 17 қыркүйекте бұл жақта АҚШ армиясының жаңа базасын құру туралы келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеушілік бар екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу