АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Еуропаға 8,5 мың әскери жіберуге дайын екенін мәлімдеді, Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Джон Кирби жариялады. Бірақ америкалық билік бұған қатысты түпкілікті шешімді әлі қабылдаған жоқ.
"Пентагон басшысы жасақтап дайындаған әскерилердің саны – 8,5 мыңдай", – деді ол.
Егер қажет болса, НАТО оларды Еуропаға жедел жіберетінін айтты. Кирбидің сөзінше, шиеленіс дипломатиялық жолмен шешілмесе, контингент Еуропаға жіберіледі. Нақтырақ айтқанда, әскери бөлімдер, барлау, авиация, медицина және көлік бөлімшелері жөнелтілмек.
Америка Құрама Штаттары қазір Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты ел ішіндегі және шет елдередегі әскерлерінің жауынгерлік дайындығын арттыруда.
Табиғат Нұрболат