Пентагон Украинадағы қақтығысқа үшінші елдердің қатысуы мүмкін екенін хабарлады

142

Солтүстік Корея әскерлерінің Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысуы үшінші елдерді Киев режимін қолдау үшін өз әскерлерін жіберуге итермелеуі мүмкін.

Пентагон Украинадағы қақтығысқа үшінші елдердің қатысуы мүмкін екенін хабарлады Фото: David B. Gleason from Chicago, IL. The Pentagon, CC BY-SA 2.0

Мұндай қауіп туралы АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин оңтүстіккореялық әріптесі Ким Ён Хенмен өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Иә, бұл басқаларды түрлі әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Дегенмен, мен нақты не болатынын болжай алмаймын", – деді Пентагон басшысы.

Ол сондай-ақ Вашингтонның КХДР әскерилерінің Украинадағы қақтығыс аймағында болуына кедергі жасай алмайтынын мойындады. Егер солтүстік кореялық сарбаздар украиналық жауынгерлерге қарсы ресейліктермен бірге соғысатын болса, Украина қарулы күштері АҚШ пен оның одақтастары берген қарудың көмегімен өзін қорғауға құқылы деп пайымдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу