АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі етіп бұрынғы теңіз жаяу әскерінің генералы Жеймс Мэттисті тағайындағысы келетінін мәлім етті.
"Әскери стратегиямызда табысқа жету үшін елдің қорғаныс министрлігін басқаратын дұрыс адам қажет. Сондықтан бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі лауазымына генерал Жеймс Мэттисті тағайындасам деген ниетімді ресми түрде мақтанышпен жариялаймын", – деді Трамп Солтүстік Королина штатында өткен жиында.
Трамптың айтуынша, Мэттис – АҚШ-тағы бірнеше ондаған жыл ішіндегі ең нәтижелі генералдардың бірі.
"Оның басшылығымен саяси саясатымыз бен альянстарды қайта құрып, терроризмді құртып, жауларымызға қарсы тұрып, Американы қайтадан қауіпсіз ел ететін боламыз", – деп атап өтті Трамп.