Бірқатар америкалық компаниялар Facebook жариялаған бойкотты Starbucks да қолдады. Енді бұл компания шілде және тамыз айларында бұл әлеуметтік желіге жарнама жарияламайтын болды. Сонымен Pepsi корпорациясы да осындай қадамға бармақ.
Аталған бойкотқа жүзден астам корпорация қатысып отыр. Олардың пікірінше, Facebook пен басқа да әлеуметтік желілер араға от салатын посттарды қадағаламайтын көрінеді.
Bloomberg агенттігінің дерегінше, бойкот кесірінен Facebook-тің нарықтық құны 56 миллиард долларға арзандаған. Ал компанының негізін қалаушысы Марк Цукербергтің байлығы 7 миллиард долларға қысқарды.
Табиғат Нұрболат
Фото: carelyst.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу