Перинатология орталығында инфекциялық-диспансерлік бөлім ұйымдастырылды

524

Пневмонияға шалдыққан жас босанған ана ауыр халде жатыр.

Перинатология орталығында инфекциялық-диспансерлік бөлім ұйымдастырылды

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов мәлім етті. 

"Бүгінде босанғаннан кейінгі инфекциялық бөлімде бір ана орталықтың жансақтау бөлімінде екі жақты пневмониямен жатыр. Қазір жағдайы тұрақты, өздігінен тыныс алуда. Жүкті әйелдерде пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеу қиын. Себебі аталған дертпен қоса акушерлік патология да өршіп кетеді", – деді Ғани Бодықов. 

Сонымен қатар ол Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында респираторлық вирустық инфекция немесе COVID-19 белгісі бар емделушілерге арналған инфекциялық-диспансерлік бөлім ұйымдастырылғанын жеткізді. 

"Онда жекеленген босануға дейінгі және босану бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім, 5 жансақтау және неонатальды бөлім бар. Онда кез-келген клиникалық жағдайға арналған жабдықтар қарастырылған, тіпті хирургиялық көмек көрсетуге болады. Бөлім анестезия және өкпені жасанды желдету аппараттары, босану және ота жасауға арналған төсек-орынмен жабдықталған. Екі апта бұрын мұнда 41 сырқат емделіп, 16 ана босанды. Қазіргі кезде 33 науқас емделуде. Осында дүниеге келген балалардың барлығының ПТР талдаулары теріс шыққан", – деді орталық директоры.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу