Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Перизат Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", – делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялануға жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу