Перизат Қайраттың сотында анасының жағдайы күрт нашарлады

Ол өзін жайсыз сезініп, қан қысымы көтерілгенін айтқан. 

Перизат Қайраттың сотында анасының жағдайы күрт нашарлады Фото: Tengrinews.kz / Санжар Мустафин

Сол себепті судья сот процесіне үзіліс жариялау туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сотта айыпталушының анасы – Ғайни Алашбаеваның жағдайы күрт нашарлап, денсаулығы сыр берген. 

Осыған байланысты судья сот отырысына үзіліс жариялады. 

– Қазір жедел жәрдем қызметкерлері сізге медициналық көмек көрсетеді, – деді судья.

Айта кетейік, сотта ірі көлемдегі қайырымдылық қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. 

Сот отырысында бірнеше жәбірленуші жауап берді. Бұл – су тасқынынан зардап шеккендерге ел тұрғындары қаражат аударған үшінші эпизод.

Осыған дейін Перизат Қайрат пен анасының 3,5 млрд теңгені қайда жұмсағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қылмыстық істе 50-ге жуық жәбірленуші бар екені белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу