Перизат Қайрат ісінде Димаш Құдайбергеннің де есімі аталды

"Ірі көлемде ақша ұрлады" деп айыпталған ерікті әрі қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысында түрлі танымал тұлғаның аты кезігіп жатыр.  

Перизат Қайрат ісінде Димаш Құдайбергеннің де есімі аталды Фото: коллаж inbusiness.kz

Қылмыстық істің кезекті эпизодымен таныстыру кезінде әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергеннің де есімі айтылды, хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сот процесінде бүгін куәгерлерден жауап алынды. 

Мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен күдіктінің Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтетін фестивальге 10 миллион теңге көлемінде қолдау іздегеніне тоқталды. 

– "Скиф Трейд" ЖШС-нің өкілі Максим Абдуразаковтың куә болу жайтына сүйенсек, айыпталушы оны ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған фестивальге шақырып, қаржылай көмек көрсетуді ұсынған. Әңгіме 10 миллион теңге жайында болған және іс-шараның хедлайнері ретінде Димаш Құдайберген болатыны хабарланған, – деп оқыды кезекті эпизодты Арман Кезекен. 

Айта кетейік, жәбірленушінің өзі сотқа келе алмады. Сондықтан, оның куәлігі айыптау тарапының бастамасымен жарияланып отыр. 

Перизат Қайрат ісінде 50-ге жуық жәбірленуші бар екені белгілі болды. 

Бұған дейін қылмыстық істе әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің де аты аталған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу