"Жылаған жоқ": Перизат Қайрат сот үкімін қалай қабылдағаны белгілі болды

677

Бүгін атышулы іске нүкте қойылды. 

"Жылаған жоқ": Перизат Қайрат сот үкімін қалай қабылдағаны белгілі болды Фото: Tengrinews.kz / Санжар Мустафин

Астанада Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот отырысынан кейін айыпталушылардың адвокаты тілшілердің сауалына жауап берді.

"Мен онымен (ред. – Перизат) сөйлесіп үлгермедім. Үкім оқылған соң оны бірден алып кетті. Осындай ұзақ мерзім тағайындалғандықтан, әрине, олар үшін бұл ауыр соққы болып тиді. Олар қиын эмоциялық жағдайда тұр. Бірақ олар жылаған жоқ", – деді Асланбек Давлетьяров.

Айта кету керек, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға сотталғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу