Оның сөзінше, осы кезде Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Сот үкімі заңды күшіне енбегендіктен, олар тергеу изоляторында қамауда. Ұстау жағдайларына қатысты жеке өзіме ешқандай шағым түскен жоқ. Олар бір мекемеде болғанымен, бөлек камераларда отыр, – деп қоса кетті ол.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, үкім заңды күшіне енген соң ғана Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленген тәртіпке сай оларды тиісті мекемелерге көшіре алады.
– Қазақстанда әйелдерге арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі бірқатар қылмыстық-атқару мекемесі бар. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті шешім қабылдап, оларды сол мекемелердің біріне орналастырады, – деп нақтылады прокурор.
Прокурордың көмекшісі Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс қоғамда резонанс тудырғанын да ерекше атап өтті.