Перизат Қайрат "Шапағат" мемлекеттік наградасынан айырылады

1145

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Biz Birgemiz" қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шығарды. 

Перизат Қайрат "Шапағат" мемлекеттік наградасынан айырылады Фото: 01pk

Судья Сабыржан Кәрімов үкімді жариялау кезінде:

– Перизат Қайратты "Шапағат" мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін, – деп мәлімдеді.

Сот анықтамасына сәйкес, келтірілген жалпы залал көлемі 3,5 миллиард теңгені құрайды. Тергеу барысында Перизат Қайрат пен анасы "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының есепшотына халықтан жиналған қаражатты өздерінің жеке шоттарына аударғаны анықталған.

Сот үкімі бойынша:

  • Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Ғайни Алашбаеваға 7 жыл жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, екеуі де жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу