10 жылға сотталған Перизат Қайратқа түрмеден жұмыс табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сот шешіміне сәйкес сотталған Перизат Қайрат түрмеде жазасын өтеп жатыр.
"Сотталған азаматша жұмысқа орналасты және қызметтік үй-жайларды тазалаумен айналысады", – делінген ақпаратта.
Еске салайық, былтыр шілде айында Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталғанын жазғанбыз. Оның көлігі сатылымға қойылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу