Перизат Қайрат түрмеде жұмыссыз, бірақ сәнгер болуы мүмкін

203

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.  

Перизат Қайрат түрмеде жұмыссыз, бірақ сәнгер болуы мүмкін Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Алаяқтық үшін сотталған қайырымдылық қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат колонияда әлі жұмысқа орналаспаған, бірақ болашақта жұмысшы мамандықтарының бірін, соның ішінде киім модельері кәсібін меңгеруі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жарты жыл бұрын сот Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Tengrinews.kz редакциясы қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне арнайы сауал жіберген. Комитет өкілдерінің сөзінше, Перизат Қайрат әзірге жұмысқа бекітілмеген.

"Сұрауда көрсетілген сотталған азаматша сот шешіміне сәйкес мекемеде жазасын өтеп жатыр. Қазіргі уақытта мекемеде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол еңбек қызметімен айналыспайды", – деп жазылған жауапта.

Комитет түзету мекемелерінде сотталушылардың 48 жұмысшы мамандығының бірін иелене алатынын нақтылады. Олардың ішінде аспаз, киім модельері, омарташы сияқты кәсіптер бар. Бұдан бөлек, 34 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстар қолжетімді.

Бұған дейін 2025 жылдың қазанында Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков сотталушыны жұмысқа орналастыру мәселесі оның икемі мен бос жұмыс орындарының бар-жоғына қарай шешілетінін мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу