Перизат Қайраттың анасы сот залында қамауға алынды

1706

Ол бұған дейін үйқамақта отырған. 

Перизат Қайраттың анасы сот залында қамауға алынды Фото: informburo.kz

Астанада Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот үкімі шықты. Ғайни Алашбаева сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Каримов атышулы іс бойынша үкім оқыды. Перизат Қайрат – 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін үйқамақта болған Ғайни Алашбаева сот залында қамауға алынды.

Айта кету керек, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға сотталғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу