Перизат Қайраттың оқиғасынан кейін Ақтөбе облысындағы қайырымдылық қорлары тексерілді ме?

270

"Біз әрбір тиынның мақсатты жұмсалғанына көз жеткізуіміз керек".

Перизат Қайраттың оқиғасынан кейін Ақтөбе облысындағы қайырымдылық қорлары тексерілді ме? Фото: instagram.com/01pk

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қайырымдылық қорларына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың Instagram желісінде көмек көрсетудің негізгі бағыты Ақтөбе облысында болды. Өңірдегі қайырымдылық қорларының қызметіне тексеріс жүргізіліп жатыр ма?" деп сұрады.

"Бізде бір қор ашылды. Оның басында облысымызға танымал қоғам белсенділері тұр. Олар барлық жұмысты атқарды. Тиісті қызметтер мониторинг жүргізді. Әрбір іс-әрекет бақылауда, сондықтан тексерістер де болады. Біз әрбір тиынның мақсатты жұмсалғанына көз жеткізуіміз керек. Мұнда қандай да бір мәселе көріп отырған жоқпын. Өңірге келген әрбір гуманитарлық көмек есепке алынып, олардың мақсатты индикаторлары болды", – деді Асхат Шахаров журналистердің сауалына.

Айта кету керек, осыған дейін 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген блогер Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу