Пермь қаласындағы атыс салдарынан 5 адам қаза тапты

833

Тағы 14-і жарақат алды.

Пермь қаласындағы атыс салдарынан 5 адам қаза тапты Фото: ria.ru

Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап., 

Бірақ Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі нақты санын әзірге атай алмайтынын мәлім етті. "4 не 5 адам ажал құшты", – деді ведомство өкілдері. 

Оқ жаудырған 18 жастағы Тимур Бекмансуров тұтқындалды. Ол ұсталған кезде жарақат алған. Ресми дерек бойынша, қару травматикалық емес, атыс қаруы болып шықты. 

Қазір осы жайтқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу