Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонин атыс болған Сарс ауылындағы мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысқан жеке күзет ұйымын (ЧОП) тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ оқиға орнына жергілікті білім министрлігінің өкілдері де келді. Олардың қатарында қосымша білім беру және психологпен жұмыс жүргізу процесін қадағалайтындар бар.
Бұған дейін 18 қазанда жасөспірім әкесінің "Сайга" деп аталатын қаруын асынып мектепке келіп, оқ жаудырғаны жарияланды. Ол сабақ басталмай тұрып ғимарат ішінде оқ атқан. Оның айтуынша, сыныптас қыз оған озбырлық көрсеткендіктен, мұндай қадамға баруға бел буған. Сондай-ақ ол әкесінің анасына көрсеткен қорлығы да қастандық жасауға себеп болғанын айтты.
Қазір ол қамауда. Оны мектеп директоры тоқтатқан. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, атыс кезінде бір оқушы зардап шеккен.
Табиғат Нұрболат
Фото: vk.com