Пермь университетіндегі атыстан 6 адам қайтыс болды

892

Ресейдің Пермь қаласындағы университетке шабуыл жасаған 18 жастағы Тимур Бекмансұров ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Atameken Business.       

Пермь университетіндегі атыстан 6 адам қайтыс болды

Ұстау барысында ауыр жараланған ол операция үстінде қайтыс болды деген ақпарат тарады. Тимурдың өзі бұл қанды қылмысқа бірнеше жыл бойы дайындалғанын әлеуметтік желіде ашық айтқан. 10-шы сыныптан бастап қару алу үшін әдейілеп ақша жинапты. Қолында ұстағанын заңды түрде сатып алған боп шықты. Соңғы мәлімет бойынша, бұл қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 6 адамға жетті. Тағы 28-нің жағдайы өте ауыр, олардың өміріне дәрігерлер араша түсуде.

6 адамның өліміне әкелген Перьмдегі қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек. Бүгін осындай мәлімдеме жасаған еліміздің Білім және ғылым министрі атыс салдарынан көз жұмғандар мен жарақаттанғандардың жақындарына көңіл айтты. Жалпы елдегі қауіпсіздікті мықтап қолға алу мәселесінің көтеріліп жүргеніне де біраз болды. Тіпті, президенттің өзі де бұл іске араласып, бірқатар тапсырма берген-ді. ЗКТ: Бүгінде мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының басшылығына корпустар мен жатақханаларда күзетті күшейтіп, бейнебақылау орнату жүктелген. Қазіргі уақытта министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірледі. Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2 мыңнан астам сауал мен пікір келіп түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу