Перуде алып акуланың сүйегі табылды

Палеонтологтар оның шамамен 9 миллион жыл бұрын өмір сүргенін айтады. 

Перуде алып акуланың сүйегі табылды Фото: Alessandro Cinque / REUTERS

Акуланың тісінің өзі 8 сантиметрден асқан, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап. 

Перудегі палеонтологтар Оңтүстік Тынық мұхитының суларында тіршілік еткен үлкен ақ акуланың "туыстасының" сүйектерін таныстырып отыр. 

Акуланың толықтай дерлік сақталған таснұсқасы Лимадан оңтүстікке қарай 235 шақырым жердегі Писко бассейнінен табылған. Аталған акула қазіргі ақ акуланың арғы атасы деп саналады. 

Қазір акуланың бұл түрі жойылған. Уақытында оның тісінің 8,9 сантиметр болса, ересек дараларының ұзындығы 7 метрге жетеғабыл болыпты. 

– Акуланың толығымен сақталған қалдықтары әлемде өте сирек кездеседі, – деп атап өтті палеонтолог Марио Урбина. 

Ол акуланың асқазанынан майшабақ тұқымдас балықтардың табылғанын да айта кеткен. 

Урбинаның сөзінше, акулалар ашық теңіздер мен мұхиттарда жүзген кезде майшабақ тұқымдас балық теңіз жыртқыштарының негізгі азығы саналған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу