Перуде бір айға созылған наразылық акциялар құрбандар саны 48-ге жетті

553

Қазір наразылықтар Перудің 196 провинциясының 41-інде, негізінен елдің оңтүстігінде өтіп жатыр.   

Перуде бір айға созылған наразылық акциялар құрбандар саны 48-ге жетті Фото: nterfax.az

Перуде бір ай бойы болып жатқан наразылықтардың салдарынан 48 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбіде наразылық білдірушілер әуежайды басып алуға тырысқан Куско туристік қаласында жаңа қақтығыстар болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы тәртіпсіздіктерде 37 бейбіт тұрғын мен 6 полиция қызметкері зардап шеккенін хабарлады. Сондай-ақ бір адам қаза тапты. Сонымен ереуілдер басталғалы бері бір айда барлығы 48 адамды құрбан болды.

Қазір наразылықтар ұшқыны Перудің 196 провинциясының 41-ін шарпып, негізінен елдің оңтүстігінде өтіп жатыр. Дүйсенбіде Пуно аймағындағы Хульяка қаласындағы қанды қақтығыстар зорлық-зомбылықтың ең жарқын көріністерінің бірі болды. Онда полициямен болған қақтығыстарда 17 адам қаза тауып, наразылық білдірушілер полицейді тірідей өртеп жіберген.

Перуде билік дағдарысы желтоқсан айында басталды: Перудің бұрынғы президенті Педро Кастильо парламентшілер ел Президентін сыбайлас жемқорлыққа байланысты биліктен шеттету мүмкіндігін үшінші рет талқылауға шығарғаннан кейін конгресстің таратылғанын және елде төтенше жағдай режимінің енгізілгенін жариялады. Президент қабылдаған шараларға қарамастан, парламентшілер отырысқа жиналып, Кастильоға импичмент жариялады. Көп ұзамай ол ұсталып, қамауға алынды, оған қарсы қылмыстық тергеу ашылды.

Осы оқиғалардан кейін елдің бірқатар аудандарында тәртіпсіздіктер басталды. Наразылық білдірушілер сайлау өткізуді, қазіргі президент Дина Болуартенің отставкаға кетуін, Кастильоның босатылуын және полициямен қақтығыста қаза тапқан наразылық білдірушілерге әділеттілікті талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу